Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір ауылды қоңыз басты

Жарияланған күні:

Байкент ауылының тұрғындары. Фото
Байкент ауылының тұрғындары. Фото: КТК арнасы

Алматы облысы Байкент ауылындағы көшелердің тұрғындары жәндіктерден зардап шегіп отыр. Қоңыздар тіпті, адамдардың үйіне кіріп, асынан шығып жатқан. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Алматы облысының Байкент ауылында көшелерді қоңыздар басып, тұрғындардың үйлеріне кіріп, оларды шағып жатыр.
  • Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға жақын маңдағы құс фабрикасын кінәлап, олардың құс қалдықтарын ауыл маңына төгетінін айтады.
  • Әкімдік өкілдері мәселені шешу үшін дезинфекция жұмыстарын бастағанын хабарлады, ал жағдайдың себебі ретінде құс фабрикасындағы өртті атады.

Жәндіктер халықты шағып тастаған.

"Самал көшесінде тұрамыз. Біздің жан айқайымыз мынадай, міне, бүрге, "клопы" дейді осындай қаптады. 4-5 күн болды. Осы жерде, үйдің қабырғасына қаптап, есік-терезеден кіріп жатыр. Міне, балаларымызды шағып жатыр!", - деді Қарлығаш Әділбекова.

Жұрт бұл жағдайға жақын маңдағы құс фабрикасын кінәлап отыр. Олардың сөзінше, кәсіпорындағылар құстың қалдықтарын ауылдан 100 метр жердегі шұңғырға барып төгеді, демек зиянкестер сол жерден келіп отыр.

"Осы жерде тұрып жатырмыз, олар зиян келтіріп жатыр. Иісі үйдің бәрін басып кетті, жаңа шіркейлер, мысықтың, неше түрлі жәндіктер үйде қаптап кетті.Сондықтан қырып берсе. Жоқ қылса! Таңнан кешке дейін қалдықтарды төгеді. Кешке жақын тамақ іші алмаймыз, сондай сасық. Иісін жойып берсін", - деді Маржан Нұрзакова.

Жұрт қоңыздар жайлағанын айтып әкімдікке бірден хабар берген. Алайда шенділер көмек беруге асықпаған. Сондықтан тұрғындар жәндікті өз бетінше улапты. Алайда дәрілеген сайын азаюдың орнына, көбейіп кеткен. Әкімдік өкілдері тек бүгін ғана көмекке келді.

"30 шілдеде "Алель Агро" полисінде өрт болған. Сол өрттен кейін осындай пайда болыпты. Содан кейін шұғыл іс-әрекетке көштік. Сәрсенбі күні құзырлы органдарға хат жібердік. Осындай зиянкестерге қарсы күресетін жекеменшік мекемелермен сөйлесіп, әкімдік өз тарпынан дезинфекция жүргізіп жатырмыз", - деді Байкент ауыл округі әкімінің орынбасары Гүлжан Сақыпова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145997-almaty-oblysynda-bir-auyldy-qongyz-basty/