Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда танымал көпбалалы отбасында он тоғызыншы перзент дүниеге келді

Жарияланған күні:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда ең көпбалалы отбасы Култышевтар әйлетінде он тоғызыншы бала дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты СҚО перинаталдық орталығының Instagram желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді.
  • Жаңа туған нәресте - салмағы 4250 грамм, бойы 56 сантиметр қыз бала.
  • СҚО перинаталдық орталығы ата-анаға құттықтау сөздерін жеткізіп, нәрестеге зор денсаулық тіледі.

Қазақстанға танымал ерлі-зайыпты Павел мен Татьяна Култышева 2000 жылы шаңырақ көтерген. Ол уақытта Павел 22, ал Татьяна 19 жаста болған. Келіншек алғашқы баласын 20 жасында босанған. Осыған дейін ең көпбалалы ретінде танымал отбасы 10 ұл мен 8 қызды тәрбиелеп отырған еді. Жақында ерлі-зайыптының тағы бір нәрестесі дүние есігін ашты.

Бұл туралы өңірлік перинаталдық орталық хабарлап, нәрестенің ата-анасын құттықтады.

"Петропавлда ең көпбалалы отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді. Салмағы 4250 грамм, бойы 56 сантиметр қыз бала. Бұл расында қуанышты әрі бақытты сәт.

Біз нәрестеге зор денсаулық, ал ата-анасына шыдамдылық тілейміз. Тағы да бір керемет баланы тәрбиелеп, махаббат пен бақытқа бөлене беріңіздер. Шаңырақтарыңыз тек жылулыққа толы болсын", - деді перинаталдық орталық өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146116-petropavlda-tanymal-kopbalaly-otbasynda-on-togyzynshy-perzent-duniege-keldi/