Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы 8 адам қаза болған жол апаты: жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

7 тамызда Ақтөбе облысындағы 8 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды. MAN көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 тамызда 8 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша, 2 және одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Күдікті, MAN көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция департаментімен абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі жол апатына қатысты пікір білдіріп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146128-aqtobe-oblysyndagy-8-adam-qaza-bolgan-zhol-apaty-kudikti-ustaldy/