jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ҰҚК өкілдері террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен 5 адамды ұстады (видео)

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілер. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы операция өткізіп, террорлық әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ комитетке сілтеме жасап хабарлайды.

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді.

"Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган мәліметінше, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК өкілдері террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен 5 адамды ұстады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.