jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның батысында тағы бір мұнай компаниясына қомақты айыппұл салынды

Мұнай құбыры
Мұнай құбыры. Көрнекі фото: Antoine Gyori / AGP / Corbis / Getty Images

Еліміздегі мұнай компанияларының біріне жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 673 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Батыс Қазақстанда "ANACO" ЖШС-не жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 673 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
  • Компания 2018-2023 жылдар аралығында 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол берген.
  • Жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде 285 000 000 теңге төледі.

Өңірлік прокуратура мәліметінше, "ANACO" ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.

Прокуратура мұны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 125-бабы 2-тармағы мен 147-бабы 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу деп есептейді. Заңға сәйкес, көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек.

Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы мемлекетке келтірілген залал мөлшері 673 130 278 теңгені құрағанын анықтады. Жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде 285 000 000 теңге төледі.

Айта кетейік, осыған дейін 5 тамызда жер қойнауын пайдалану саласындағы тағы бір ірі айыппұл туралы жазған болатынбыз. Атырау облысының прокуратурасы "Каспий мұнай" АҚ кен орнын бұрғылау және пайдалану нәтижесінде 2021-2022 жылдары пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін алмағанын анықтаған еді. Ол үшін 13 млрд теңгеден астам көлемде әкімшілік айыппұл өндірілді.

Қазақстанның батысында тағы бір мұнай компаниясына қомақты айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.