jitsu gif
Қаржы

    "Элиталық үй, әкімшілік ғимарат": Қазақстанда 82 млрд теңгені құрайтын нысандар мемлекетке қайтарылды

    Үйдің макеті және ақша
    Үйдің макеті және ақша. Көрнекі фото: freepik.com

    Қазақстанда басқарушы компанияның балансына жалпы сомасы 82 млрд теңгені құрайтын 48 нысан берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетіне сілтеме жасап.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қазақстанда басқарушы компанияның балансына 82 млрд теңгеге бағаланған 48 нысан берілді.
    • Компания Астана мен Алматыда элиталық жылжымайтын мүлік пен әкімшілік ғимаратты сатып, Алматы және Жетісу облыстарында жалға беру шарттарын жасады.
    • Нысандарды сату мен жалға беруден түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіліп, әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

    Комитеттің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, басқарушы компания Астанада 473 млн теңгеге элиталық жылжымайтын мүлікті және Алматыда 732 млн теңгеге әкімшілік ғимаратты сатқан, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облысындағы нысандар бойынша бірқатар жалдау шартын жасаған.

    "Жалға беруден күтілетін кірістер айына шамамен 80 млн теңгені құрайды, алғашқы төлемдер жүргізілді. Нысандарды сатудан және жалға беруден түскен ақшалай қаражат әлеуметтік және экономикалық жобаларды одан әрі қаржыландыру мақсатында Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі", - деп хабарлайды ведомство.

    Қайтарылған активтерді сату бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Шымкентте мемлекетке жалпы сомасы 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік пен акциялар, оның ішінде құны 350 млн теңгеден асатын жер учаскесі қайтарылды.

    "Элиталық үй, әкімшілік ғимарат": Қазақстанда 82 млрд теңгені құрайтын нысандар мемлекетке қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.