Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы энергетика вице-министрі Kazenergy бас директоры болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Жандос Нұрмағанбетов
Жандос Нұрмағанбетов. Фото: primeminister.kz

Kazenergy ұжымына бүгін жаңа бас директор таныстырылды. Бұл қызметке Жандос Нұрмағанбетов келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауымдастықтың Telegram-дағы арнасында ұсынған мәліметке сүйенсек, Жандос Нұрмағанбетовті ұжымға Мағзұм Мырзағалиев таныстырған. Ол бұрынғы вице-министрдің әртүрлі жауапты лауазымдарда айтарлықтай тәжірибесі мол екенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Kazenergy алдында маңызды міндеттер тұр, оның ішінде 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресін ойдағыдай өткізу. Мұнай-газ және энергетика салаларындағы түрлі компанияларды біріктіретін Қауымдастық өз қатарына жаңа кәсіпорындарды қабылдауды жалғастыруда.

Олардың барлығы өңірлерді дамытуға белсенді қатыса отырып, ел экономикасына елеулі үлес қосуда. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар, Парламент және Қауымдастық мүшелері арасында конструктивті диалог жолға қойылған. Бұл жұмыс жалғасады", - деп атап өтті Қауымдастық төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Kazenergy бас директоры қызметін Әлібек Қуандықов атқарған, ол шілде айының соңында Сыртқы істер министрлігіне ауысты. Ал Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Өткен жылдың соңында Энергетика министрлігі вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың Қазақстандағы коммуналдық апаттарға байланысты отставкаға кетуі туралы қауесетті жоққа шығарып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146297-buryngy-energetika-vitse-ministri-kazenergy-bas-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/