Top.Mail.Ru

Зектілері

"Кәдімгі өрмекшіден ажырата алмай қаласың": Шымкентте 23 адамды қарақұрт шағып алған

Жарияланған күні:

Қарақұрт
Қарақұрт. Көрнекі фото: pixabay.com

Күннің күрт ысуына байланысты қарақұрт көбейіп барады. Шымкентте 4 айдың ішінде улы жәндік шаққан 23 адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болған науқастардың 3-еуі бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында айтылғандай, Сейділдә Тойшиевті қарақұрт қоқыс шығарып жатқан кезде шағыпты. Бірден жедел жәрдемге хабарласып көмек сұраған қарияны ақ халаттылар ауруханаға жеткізген. Уақыт оздырғанымда жағдайым мүшкіл болуы мүмкін еді деген науқас бүгінде жағдайының біршама жақсарғанын айтады.  

Дәрігерлер кәдімгі өрмекшіден бірден ажырата алмай қалатын қарақұрттың уы өте қауіпті дейді. Оның уы жыландікінен 15 есе күшті екен. Егер бұл жәндік шағып алса, тез арада ауруханаға барғаныңыз жөн. Өйткені у денеге таралып кетсе, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Улы жәндік күн ысығанда көбейетін көрінеді. Сондықтан табиғат аясына шыққанда аса сақ болғаныңыз жөн. Сондай-ақ мал бағып жүріп далаға ұйықтай салуды, құрылыс басында кез-келген жерден пана іздеуді доғарса, дейді дәрігерлер. Айта кету керек, қарақұрт адамға өздігінен шабуыл жасамайды. Дегенмен оны шөп арасынан бірден байқау қиынға түседі.

Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады. Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін келесі 5 ережені сақтау керек:

  • қорғаныс киімін киіңіз: қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.);
  • киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеріңіз;
  • қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолданыңыз; тазалықты сақтаңыз: қоқыстарды уақтылы тазалаңыз, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отырыңыз;
  • байланыстан аулақ болыңыз: оны қолыңызбен ұстамаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146429-kadimgi-ormekshiden-azhyrata-almai-qalasyng-shymkentte-23-adamdy-qaraqurt-shagyp-algan/