Астана әуежайында тағы бір ұшаққа зақым келді
Жарияланған күні:
Астана әуежайында ұшақтың зақымдануына байланысты тағы бір оқиға болды. Әуе айлағының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуежай өкілдері түсіндіргендей, жағдай елордадағы ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұршақпен бірге жүретін қатты екпінді желге байланысты туындаған.
Зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта борт ауыстырылып, ұшаққа жанармай құйылуда, рейс жақын арада ұшады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Air Astana ұшағы зақымданған.
Әуе компаниясы да болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған. Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше 2 сағатқа кешіктірілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146602-astana-auezhaiynda-tagy-bir-ushaqqa-zaqym-keldi/