jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алакөлде демалыс үйі өртеніп кетті

Өрт шыққан жер
Алакөлдегі өрт шыққан демалыс орны. Фото: t.me/qr_tjm

Алакөлдегі демалыс үйі өртеніп, 400 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрт шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйінде өрт орын алды", - деп хабарлады ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт толығымен 400 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтында өрт кезінде не істеу керектігі бойынша ұсыныстар берілген.

Өрт кезінде не істеу керек:

  • Аузыңыз бен мұрныңызды кез келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз
  • Оттан қашыңыз
  • Жеделсатыны пайдаланбаңыз
  • Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз
  • Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз

Бұдан бөлек, жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өртке қарсы қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз. Содан кейін мына мәліметтерді хабарлаңыз:

  • өрттің немесе жанудың мекенжайын
  • өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.)
  • жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.)
  • қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне жанып жатқан қабатты, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.
  • тегіңіз бен телефоныныңызды
Алакөлде демалыс үйі өртеніп кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.