Қазақстанда алаяқтардан алданып қалған азаматтар 100 млн теңгеден айырылды
Жарияланған күні:
Қазақстанда азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкереленді. Алаяқтардың арбауына түсіп қалған қазақстандықтар 100 млн теңгеден айырылған, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
- Қазақстанда азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкереленді, олар 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған.
- Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілерден 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.
- Қазіргі уақытта 70 жәбірленуші анықталған, бірақ зардап шеккендер саны әлі де өсуде.
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды. Олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147203-qazaqstanda-alaiaqtarga-aldanyp-qalgan-azamattar-100-mln-tenggeden-aiyryldy/