Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
Жарияланған күні:
8 тамызда Семей қаласының № 2 сотында Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы мен тағы екі қызметкерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Антикор ақпаратынша, Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты сот үкім шығарды.
"Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған", - делінген хабарда.
Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147923-abai-oblysy-pd-koshi-qon-qyzmeti-basqarmasynyng-bastygy-sottaldy/