jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Алматыэлектротранс" қызметінде 250 млн теңге заңсыз жұмсалғаны анықталды

    Ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Прокуратура қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде "Алматыэлектротранс" ЖШС-да мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

    Құзырлы органның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде "Алматыэлектротранс" ЖШС-да мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады.

    "Бұзушылық, қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан анықталды. Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды, 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне өтелді", - делінген ресми хабарламада.

    Бұл жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.