jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттік ағайынды асықшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды (видео)

Асықшы
Асықшы Нұржігіт Әнуарбекұлы. Фото: youtube.com/@KazakstanShymkent1990

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын шымкенттік ағайынды үш асықшы қорғайды. Спортшылар қазір әлемдік додаға қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, Нұрқисса, Нұржігіт, Нұрқанат ағайынды жігіттер – иіріп асық атудың хас шебері. Үшеуі де ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Былтыр ел чемпионы атанған. Ағайынды үш жігіт атадан қалған ұлттық ойынды осылайша дәріптеп жүр.

Нұрқанат Молжігітов 4 жылдан бері ұлттық құрамада өнер көрсетеді. Асық атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

"Асық сабырлық пен  асқан мергендікті қажет етеді. Дегенмен сан ғасырлық тарихы бар, халқымыздың ұлттық ойынындағы басты құндылық ол – сақа", - дейді шебер.

Асық түскен қалпына қарай: алшы, тәйке, бүк, шік, деп бөлінеді. Халық арасында Алшы, Омпа, Ханталапай, Тас қала, Құмар, Көтеріспен, Хан секілді түрлері кең тараған. Соның ішінде асық ату көшпенділер ойындарына еніп отыр. 

Қыркүйекте спорттың 21 түрін қамтыған дүбірлі додада миллионды қаланың саңлақтары спорттың 6 түрінен бақ сынайды.

Шымкенттік ағайынды асықшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.