jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

    Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Antikor news Telegram-дағы арнасы.

    Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Омар бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Сондықтан Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Омарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.