jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада уәкілетті орган 200-ден астам жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан

    Ақша және баспана
    Ақша және баспана. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Астанада жүздеген жетім баланың баспана құқығы бұзылды. Прокуратураның араласуынан кейін олар баспана кезегіне қойылды деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Елорда прокуратурасының ресми сайтында хабарланғандай, уәкілетті орган 200-ден астам жетім баланы баспана кезегіне қоюдан заңсыз бас тартқан.

    Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

    Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.

    Еске салсақ, Алматыда жетім қалған ағайынды үш баланың қуықтай тар жерде күн кешуге мәжбүр екенін жазған едік.

    Қызы және күйеу баласынан айырылған 59 жастағы Қалия Қыдырова үш жиенін асырау үшін тұрақты жұмысынан шыққан.

    Марқұм күйеу баласы Серікбай Жүсіпов ауған соғысының ардагері ретінде тұрғын үй кезегінде бола тұра мемлекеттен сол күйі бір баспана ала алмай кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.