jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандағы ең қауіпті тасжол бақылауға алынды

    Ақылы тасжол
    Ақылы тасжол. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Самара-Ташкент тасжолындағы жағдай ерекше бақылауға алынды. Ақтөбе облысындағы жолда соңғы уақытта 12 адам қаза тапқан, дп хабарлайды КТК арнасы.

    "Қарбалас уақытта, тәулік сағаты мен жол-көлік оқиғаларының орындары бойынша қозғалыс қарқындылығы анықталды. Осыған байланысты таңғы 8-ден 11-ге дейін және Қарабұтақ кентінен, Самара-Шымкент автожолының 965-шақырымынан Ақтөбе қаласына дейін сағат 15-тен 18-ге дейін сүйемелдеу ұйымдастырылады", - деді Ақтөбе облыстық ПД қызметі жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

    Телеарна ақпаратына сүйенсек, Самара-Шымкент тасжолында тәулігіне 16 мың көлік жүреді. Жолға жөндеу жүргізілмегеніне 20 жылдай болған.

    Соған қарамастан, көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шығуды әдетке айналдырған. Мұның соңы кейде қайғылы жағдайға әкеп соғады.

    Дереккөз: КТК

    Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Самара-Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапқан еді. Олардың бесеуі бала.

    Ал жыл басынан бері Ақтөбе облысында 106 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 120 адам зардап шегіп, 10 адам қаза тапты.

    Қазақстандағы ең қауіпті тасжол бақылауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.