jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Оңтүстік аспанын күзетеді": Шымкентте әуе капитаны ұшақты 15 жасынан бері басқарып жүр (видео)

Капитан  Наурызбай Шаймағамбетов
Капитан Наурызбай Шаймағамбетов. Видеодан скриншот: instagram.com/ontustiktv

Шымкенттегі әскери бөлімшелердің бірінде 10-сыныптан бастап ұшақ басқарып жүрген әуе капитаны қызмет етеді. Ол мұндай қызықты әрі қиындыққа толы жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, Шымкенттегі № 55652 әскери бөлімінің әуе базасында 10-сыныптан бастап ұшақ басқарған капитан жұмыс істейді. Әуе кемесіне мініп, оңтүстік аспанын күзететін олардың жұмысымен танысуға мереке қарсаңында мүмкіндік туды.

15 жасында ұшақ мінген капитан Наурызбай Шаймағамбетов. Қостанай өңірінің тумасы қазір Шымкент әуе базасында әскери қызметін атқарып жүр.

Әуе базасы Шымкент әуежайының маңында орналасқан. Бұл персонал мен техниканы уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда ұшқыштар кез келген жағдайға сақадай сай жүреді.

Техника қателікті кешірмейді. Әскерилердің ұстанымы да осы. Инженер-техниктер мен ұшқыштар өз ісінің шеберлері. Тек бұл сала әскери құпияға толы.

Авиациялық техника, шабуылдаушы ұшақтарға қала тұрғындары кейде шағымданып жатады. Алайда дәл осы эскадрилья Шымкент аспанын барлап, қорғап тұрғанын естен шығармау керек.

"Оңтүстік аспанын күзетеді": Шымкентте әуе капитаны ұшақты 15 жасынан бері басқарып жүр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.