jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астана мен Шымкентте үйлерден табылған жыландар жұртты дүрліктірді

    Құтқарушылар жыланды ұстады
    Құтқарушылар жыланды ұстады. Видеодан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

    Қазақстанның екі ірі мегаполисінің тұрғындары құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Олар тұратын тұрғын үйден жылан табылған, деп жазады ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі болғандай, бірінші оқиға Астана қаласында Сарыақа ауданында болды. Тұрғын үй кешендерінің бірінде тұрғындар күтпеген жағдайға тап болған. Олардың ауласынан жылан табылған. Екінші жағдай Шымкенттегі Еңбекшіқазақ ауданында болған.

    "Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыландарды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.

    Жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажет", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.