Ақтөбе облысында ер адам 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.
"Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді", - деді полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151367-aqtobe-oblysynda-politseiler-mektep-dapteri-tielgen-zhuk-koligin-ortep-zhibergen-kudiktini-ustady/