Ұлытау облысында азаптау дерегі бойынша 11 адам сотталды
Жарияланған күні:
Ұлытау облысында 11 сотталған адамды азаптау дерегі бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеті қызметкері мен әскери қызметшілерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталған адамды азаптау фактісі бойынша осы мекеменің жеті және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің төрт қызметшісіне, жалпы 11 адам үкім жарияланды.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеген.
"Прокурорлар 11 сотталғанға қатысты кінәлі қызметкерлер азаптау қолданғанын тергеу арқылы дәлелдеді", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Прокуратура мәліметінше, сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, осы мекеменің 5 қызметкеріне және әскери бөлімінің 4 қызметшісіне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151615-azaptau-deregi-boiynsha-ulytau-oblysynda-11-adam-sottaldy/