Астанада құтқарушылар көпқабатты үйдегі араның ұясын алып тастады (видео)
Жарияланған күні:
Астанада құтқарушылар тұрғын үйден үлкен араның ұясын алып тастады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ ақпаратынша, елордада Республика даңғылының тұрғындары құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Олар көпқабатты тұрғын үйдің 8-9 қабаттары арасында ара ұя салғанын айтқан.
"ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына келіп, қауіптен құтқарды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда құтқарушылар шаршап қалған туристерді таудан түсірген.
ТЖМ мәліметінше, Бостандық ауданы Үлкен Алматы шатқалында 20-25 жас аралығындағы үш адамнан тұратын топ құтқарылды. "Советов" шыңынан түсу кезінде туристтер шаршап өздігінен түсе алмаған.
РЖҚЖ құтқарушылары туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151738-astanada-qutqarushylar-kopqabatty-uidegi-aranyng-uiasyn-alyp-tastady-video/