jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Қазақ газ өңдеу зауыты" директоры қамауға алынды

    Кісен
    Қолға кісен салу. Көрнекі фото: vm/Getty Images

    Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

    Антикор мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

    Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

    Айта кетейік, СҚО-да әкім наркологқа жеткізіліп, қамауға алынды.

    Сондай-ақ Антикор өкілдері "Ақжайық" футбол клубының бұрынғы директоры ұсталғанын растады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.