jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағышталып, ас берілді

Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы
Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына ас берілді. Еске алу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, жамбылдық спорт саласының ардагерлері мен шеберлері, бапкерлер, өнер майталмандары және марқұмның туған-туыстары, бірқатар замандас достары жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы, облыстық мәслихат пен ардагерлер кеңесінің төрағалары Алматы қаласындағы "Кеңсай" зиратына барып, данқты спортшы, біртуар тұлға, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағыштады. Рәсімге тұлғаның жақын туыстары да қатысты.

Бұдаң соң, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына ас берілді.

Еске алу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, жамбылдық спорт саласының ардагерлері мен шеберлері, бапкерлер, өнер майталмандары және марқұмның туған-туыстары, бірқатар замандас достары жиналды.

Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы
Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Басқосуда алдымен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, тұлға туралы туралы орамды ойларын ортаға салып, оқылған құранның қабыл болуын тіледі.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің өнегелі өміріне, биік болмысы мен парасаттылық, адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, елеулі ерлігі мен еңбегін баса айтты. Бұдан бөлек, өңір басшысы данқты спортшының арманын 44 жылдан кейін орындап, Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің де тарихи жеңісін ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Елдос Сметовті күтіп алуға, сый-сияпат жасауға атсалысқан бірқатар демеуші мен өнер жұлдыздарын марапаттап, алғыс айтты.

Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы
Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, Жақсылық Әмірәліұлының жұбайы Күлпан Үшкемпірова және ағайын-туыстары, өнер жұлдыздары, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев сөз алып, тұлға туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Ақ бата беріліп, тұлға рухына құран бағышталды.

Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы
Жақсылық Үшкемпіровті еске алу шарасы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағышталып, ас берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.