jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"2,5 тонна қоқыс шығарды": ШҚО-да ауыл тұрғындары сенбілікке шықты

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Осыған байланысты Глубокое ауданы аумақты көгалдандыру, абаттандыру және жинау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Сенбілік – тазалық, тәртіп пен жайлылық іс-шарасы. Акция аясында барлық ауылдық округте жазғы кезеңде көшелерді, жол жиектерін, қоғамдық орындардағы қоқыстарды жинау, абаттандыру жұмыстары және басқа да санитарлық шаралар жүргізілді.

29 тамызда Белоусовка кентінде "Таза бейсенбі" акциясы өтті.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Акцияны AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Глубокое ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған еріктілер, жастар, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, депутаттар мен тұрғындар қатысты.

Акцияға қатысушылар кенттегі көлдің айналасын тазартты.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Акция басталғаннан бері қатысушылар полигонға 2,5 тонна қоқыс жинап шығарды. Сенбілікке 100 жуық адам тартылды.

Акция халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару мақсатында өткізілді.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Әкімдік өкілдері Глубокое ауданының барлық тұрғынын өз үйінде тазалық пен тәртіп орнатуға және сол арқылы ортақ іске үлестерін қосуға шақырады.

Акция жалғасады.

"2,5 тонна қоқыс шығарды": ШҚО-да ауыл тұрғындары сенбілікке шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.