jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Семейде арнайы орталықтың басшысы адам саудасымен айналысқан деген күдікке ілінді: іс сотқа жіберілді

құрылыс қалағы
Құрылыс қалағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Семейдегі арнайы қызмет көрсету орталығы директоры қамқорлығындағы адамдарды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстары кезінде заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Бұл жөнінде облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Семей қаласының №1 арнайы қызмет көрсету орталығы директоры қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт адамды шаруа қожалығында заңсыз құрылыс жұмыстарына салған.

Облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеп, іс сотқа жолдаған.

"Бұдан бөлек мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері қамқорлыққа алынған адамдарды техникалық қызметшілердің орнына пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ пісіртіп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Абай облысы прокуратурасы өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігінің 6, 9, 11-тармақтарына сәйкес, кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Семейде арнайы орталықтың басшысы адам саудасымен айналысқан деген күдікке ілінді: іс сотқа жіберілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.