jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ресейден Қазақстанға 110 тоннадан астам бидайды заңсыз әкелмек болған

    Бидай
    Көрнекі фото: Pexels.com

    Ресей Федерациясынан бидайды заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Сондай-ақ 4 жүк көлігі ұсталды.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында хабарланғандай, Қазақстан-Ресей шекарасында 4 жүк көлігінің ұсталған. 2024 жылғы 24 тамызда "Желқуар" автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту кезінде Ресей Федерациясынан 110 тоннадан астам бидай әкелу әрекеті тоқтатылғаны хабарланды.

    "Заңсыз әкелу фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Қостанай облысы бойынша МКД қызметкерлері жүргізді.

    Ұсталған жүк әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілді", - делінген хабарламада.

    Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салғанын еске салды. Тауарларды ЕАЭО елдерімен шекара арқылы заңсыз өткізудің жолын кесу жөніндегі іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

    Ресейден Қазақстанға 110 тоннадан астам бидайды заңсыз әкелмек болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.