Ақтөбе тұрғындары БЖЗҚ-дан ақша аламыз деп сан соғып қалды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында зейнетақы жинағынан ақша алмақ болған сегіз тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, құқыққорғаушыларға облыс тұрғындары зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелдің үстінен арызданған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары Ақтөбе облысының сегіз тұрғынын алдаған күдіктіні ұстаған.
Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастырып жатыр. Олар сондай-ақ заңсыз әрекеттерден басқа зардап шеккендердің бар-жоғын анықтайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156278-aqtobe-turgyndary-bzhzq-dan-aqsha-alamyz-dep-san-sogyp-qaldy/