jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматыда пониге қатыгездік танытқан ер адам елдің ашуына тиді (видео)

Жол бойындағы пони
Жол бойындағы пони. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress

Алматы тұрғындары Горький атындағы саябақта балаларды қыдыртып жүрген пониге қатыгездік танытқандар туралы айтып шағымданды. Нәтижесінде жануардың иесі жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен аптаның соңында әлеуметтік желіде ат үстіндегі ер адамның пониді сүйреп келе жатқан видеосы тарады. Пони дене бітіміне байланысты жылқыға үлгермей, бірнеше рет оның тұяғының астына түсіп қала жаздаған.

"Видеода жануарға, Алматыдағы орталық демалыс саябағындағы пониге аяусыздық таныту фактісі бар. Полиция қызметкерлерінен тиісті шара қабылдауын сұраймыз", - делінген Instagram желісінде жарияланған видеода.

Мұны көрген қала тұрғындары жануарға қатыгездік танытқан иесіне наразылық білдірді.

"Оларды неге қинайды?", "Жануарларды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салу керек", "Мұндай бизнеске шектеу қою қажет", "Мұндай понилар күні бойы балаларға қуаныш сыйлайды, ал жұмыс уақыты біткен соң оларға аяусыздық танытады", - деді жұрт.

Алматы қалалық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне бейнежазбаның "қаһарманын" анықтағанын хабарлады.

"Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде аталған жайттың Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 614 және 407-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Оған жануарға оң қарым-қатынас жасауға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді полиция өкілдері.

Алматыда пониге қатыгездік танытқан ер адам елдің ашуына тиді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.