Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК екі қалада қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркіледі

Жарияланған күні:

ҰҚК эмблемасы
ҰҚК эмблемасы. Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың шілде-тамызында комитет Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді.

Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 "Калашников" автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

"Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 1 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159478-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-qaru-zharaqty-zangsyz-satumen-ainalysqan-topty-ashkereledi/