Қазақстан шекарасында бензин мен дизель отынын шығаруға бақылау күшейтіледі
Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкімет ақпаратынша, жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдайды қарау нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 маркалы бензин мен дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өскені байқалды.
"Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және "сұр экспорт". Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің "бүркеншік тауарлар" ретінде экспортталғаны тіркелген", - делінген хабарламада.
Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі, Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер коминтеті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде жанар-жағармай әкетуді бақылауды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2159494-qazaqstan-shekarasynda-benzin-men-dizeldik-otyndy-shygaruga-baqylau-kusheitiledi/