Маңғыстауда оқушылар жаппай уланған мектеп директоры Асхат Аймағамбетовтың туысы ма: экс-министр жауап берді
Жарияланған күні:
Желіде мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Маңғыстаудағы оқушылар жаппай уланған мектеп директорының туысы деген ақпарат пайда болды. Депутат Telegram-дағы парақшасында бұл ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Асхат Аймағамбетов мектеп директорына ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ақпаратты жоққа шығарды.
"Менімен тегі бір қанша адам бар екені қызық. Егер олардың бәрін менің туысым деп есептейтін болсақ, әр мәселе шыққан сайын сол туралы жазып отыруға болады. Сонда жаңалық түрлене түседі. Мысалы бүгін бір басылым Маңғыстаудағы жағдайға қатысты репортаж жасау барысында мектеп директорын "менің туысым" деп берген. Алайда мен ол адам жайлы бірінші рет естіп отырмын. Отбасы шежіресін ұлғайту керек болды. Өткенде де менімен тегі бірдей басшыны "менің туысыма" балапты, алайда арамызда туыстық байланыс жоқ", - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ ол білім саласында басшылық қызметте отырған туыстары жоқ екенін мәлімдеді.
"Анықтап өтейін: білім саласында басшылық қызметте туыстарым жоқ. Болған жағдайға байланысты балалар мен ата-аналарға қолдау білдіріп, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159512-ol-adam-zhaily-birinshi-ret-estip-otyrmyn-ashat-aimagambetov-bilim-salasynda-lauazymdy-qyzmet-atqaratyn-tuystary-zhoq-ekenin-aitty/