Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ жол" партиясы жетекшісінің орынбасары ұсталды: Перуашев жағдайға түсінік берді

Жарияланған күні:

Партия төрағасының орынбасары
Дмитрий Васильев. Фото: akzhol.kz

"Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны мәлім болды. Саяси бірлестік жетекшісі Азат Перуашев осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, партия өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдаған. Васильевтің ұсталғаны расталған.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Васильевтің адвокаттарымен байланысу мүмкін болмаған.

"Бүгін-ертең оларды табамыз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, істің мән-жайын түсінеміз. Бап әлі нақтыланған жоқ. Шамасы, қызметтік хат-хабарлардан қандай да бір ақпарат тарап кеткен. Шамасы оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды адамына "пара алу" бойынша айып тағылып отыр. Бұл жерде не туралы айтып жатқанымызды түсіну керек", - деп түсіндірді Перуашев.

Ол Қылмыстық кодекс бойынша пара беруге мәжбүр болған адамның қылмыскер болып саналмайтынын баса айтты.

"Біз параның бастамашысы кім екенін анықтауымыз керек. Васильев пе, әлде ол бопсалаудың құрбаны ма, осыны түсінуіміз керек", - деп қоса кетті партия басшысы.

NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

"Ақ жол" партиясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Васильев 1970 жылы 3 наурызда Қазан қаласында дүниеге келген.

Качинск жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітіріп, КСРО-ның истребительдік авиациясында ұшу лауазымында жұмыс істеді, 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

2017 жылдан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ "Ақ жол" Алматы қалалық филиалының төрағасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160043-aq-zhol-partiiasy-zhetekshisining-orynbasary-ustaldy-basshysy-zhagdaiga-tusinikteme-berdi/