Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басты назарда – жоғары сынып оқушылары мен студенттер": ІІМ өкілдері ата-аналарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Полицей. Көрнекі фото
Полицей. Көрнекі фото: СҚО ПД

Ішкі істер министрлігі өкілдері оқушылар мен 1-2 курс студенттерінің ата-аналарына үндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер есірткі таратуға қатысы бар 30 кәмелетке толмаған баланы ұстаған. Олардың ішінде 14 жастағы жасөспірімдер де бар.

Есірткімен ұсталып, оны таратқан балалар қылмыстық жауапкершілікке ересектермен бірдей тартылады. ІІМ өкілдері оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылдың басынан бері 725 мың адамды қамтыған 9738 түрлі профилактикалық іс-шара өткізген.

"Басты назарда – жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарынан жырақта тәуелсіз өмірді бастаған 1-2 курс студенттері. Сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз. Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек",- деді ІІМ өкілі Бақытжан Әмірханов.

Министрлік ата-аналарды балаларының ортасын және пайдаланатын интернет-ресурстарын бақылауға шақырды. Сонымен қатар баланың кез келген күдікті заттарына, дәрі-дәрмек қаптамаларына, шыны түтіктер мен басқа да құралдарына назар аудару керек.

Есірткі қолданудың белгілері ретінде көңіл-күйдің өзгеруі, ашушаң болу, апатия және баланың сабақ үлгерімінің күрт төмендеуі аталды. Баланың қымбат заттарды сатып алуы немесе көп ақшаның пайда болуы да күдік тудыруы мүмкін.

ІІМ өкілі Бақытжан Әмірханов ата-аналарды балаларымен мәселе туралы ашық сөйлесуге және олардың заңсыз әрекеттерге баруының алдын алуға шақырды. Есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал кейбір қылмыстар үшін 14 жастан басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160049-basty-nazarda-zhogary-synyp-oqushylary-men-studentter-iim-okilderi-ata-analarga-undeu-zhasady/