Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мектептерінің біріндегі буллинг: қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкерлері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанадағы мектепте әлімжеттіктің видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті мәлімдеме Астана қалалық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Астана қаласының полиция департаменті мектеп-гимназияның оқушысын ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Төбелестің барлық қатысушысы мектеп ішіндегі есепке алынды.

Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Астана қаласының полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балалардың тәртібін бақылау қажеттілігін еске саламыз", - деді құқыққорғаушылар.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушылары қатарластарына қысым көрсетіп, ұрып жатқаны таспаланған видео жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160166-astanada-mekteptegi-zhagdaidan-keiin-qylmystyq-is-qozgaldy/