Саясаттанушы президент Тоқаев Константин Сыроежкинге рақымшылық жасағанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстан президенті тиісті жарлықпен қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинге рақымшылық жасағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақпарат саясатанушының Telegram-дағы арнасында жарияланды.
"Өткен жаздан бері жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі қытайтанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы және профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады.
Осыған байланысты оның соттылығы алынып тасталды және ол өз құқығын қалпына келтірді. Жалпы, әділеттілік орнады! Әріптесімізге және тәлімгерімізге зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін",- деп жазды Андрей Чеботарев.
Айта кетейік, 2019 жылдың ақпанында оны ҰҚК қызметкерлері мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұстады. Саясаттанушы сатқындық жасады деген айыппен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Кейін мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған саясаттанушы Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды, алайда сол жылдың қараша айында үкім өзгертілді. Сот алқасы қосымша жазалардың күшін жою туралы шешім қабылдады. Бұрын айтылған үкімге сәйкес, оны азаматтығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан мәжбүрлеп шығаруға тура келер еді. Бұл ретте саясаттанушыға отанына оралуға тыйым салынуы да мүмкін болатын.
Сот алқасы бұл тармақтардың күшін жойды.
Осы жылдың сәуір айында мемлекетке опасыздық жасады деп 10 жылға сотталған Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Алматы облыстық сотында сотталған Константин Сыроежкиннің бірінші сатыдағы соттың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жеке шағымы қанағаттандырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160184-saiasattanushy-toqaev-galym-konstantin-syroezhkinge-raqymshylyq-zhasaganyn-malimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.