jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жетісу облысы әкімінің орынбасарларына қатысты даулы видео: жаңа дерек шықты

    Жетісу облысындағы отырыс
    Жетісу облысындағы отырыс. Видеодан кадр: instagram.com/halyk_zhurnalist.kz

    Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты үстел басында отырған видеодан кейін тәртіптік іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облысы бойынша МҚІА департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің" талаптарын бұзғаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты тәртіптік іс қозғады және қызметтік тергеу жүргізуде.

    Оның нәтижесі Жетісу облысы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Instagram әлеуметтік желісінде Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарлары мен мәслихат депутаты жұмыс уақытында кафеге барып, спирттік ішімдіктер ішкен деген ақпарат тараған болатын.

    Сол кезде Кербұлақ аудандық әкімдігі видеоға түсініктеме беріп, қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

    Жетісу облысы әкімінің орынбасарларына қатысты даулы видео: жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.