jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында мұғалімнің видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды

    Мұғалім
    Мұғалім. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Алматы облысыда мектеп мұғаліміне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Педагог Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша айыпталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

    Ведомство өкілдері тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын (ұрып-соғу немесе дене ауыртпалығын тудырған, бірақ кәмелетке толмағанға қатысты денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) нақтылады.

    Кінәсі дәлелдеген жағдайда күдіктіге 100-ден 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қаупі төнеді.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде жасөспірімге дауыс көтеріп сөйлеп, физикалық күш көрсетіп "тәрбиелеген" ер адамның видеосы тараған еді.

    Кейінірек жанжал Алматы облысы Іле ауданындағы Көктерек ауылындағы мектептің бірінде 8-сынып оқушысы мен тарих пәнінің мұғалімі арасында болғаны анықталды.

    Өңір әкімдігі мұғалімнің жұмыстан босатылғаны туралы хабарлады. Оның іс-әрекеттерінде педагогикалық этиканы бұзу және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану байқалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.