Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы күніне орай қала көшелерінің бір бөлігі бес күнге жабылады

Жарияланған күні:

Жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы күні қарсаңында Төле би көшесінің бір бөлігі бес күнге жабылады. Қала әкімдігі өкілдері тұрғындарға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады.

Бұл аралықта Астана алаңында Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Бұған қоса әкімдіктің баспасөз қызметі қала күнін мерекелеу аясында 14 қыркүйек сағат 16:00-де "Астана" алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтетінін хабарлады. Сахнада Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және басқа да танымал әншілер өнер көрсетеді.

Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.

Сондай-ақ "Астана" алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді.

Концерт 17:00-де басталады. Мерекелік іс-шараға Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. әртістер қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160388-almaty-kunine-orai-qalada-qai-kosheler-zhabylady/