Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 7 ай ішінде кәмелет жасына толмаған 50 қыз жүкті болып қалған

Жарияланған күні:

Дәрігер құралы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік азаймай тұр. Өңірде кейінгі 5 жылда кәмелет жасқа толмаған 575 қыз бала жүкті екені анықталды. Бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облысында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы үлкен мәселеге айналып тұр. Мектепте оқып жүріп жүкті болған оқушылар аз емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 50 қыз баладан жүктілік анықталды. Облыс дірігерлері тіркеген бес жылдық көрсеткіштер көңіл көншітпейді.

2020 жыл – 118, 2021 жыл – 123, 2022 жыл – 144, 2023 жыл – 140 және 2024 жылдың жеті айында 50 жасөспірім арасындағы жүктілік тіркелді. Мұның арасында денсаулығына байланысты жүктілікті үзгендер бар.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде тағы бір оқушының жүктілігі тіркелді. Дәрігерлер жасөспірімнің жүктілігі қалыпты өтіп жатқанын айтты.

"Қыз бала облыстың бас акушер-гинеколог дәрігерінің бақылауында. Патология жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе қалалық білім басқармасы бұл оқиғаның жазғы демалыс кезінде анықталғанын жеткізді. Қызындағы өзгерісті бірінші анасы байқап, мектепке хабарлаған.

"Жүктілікті анасы анықтады. Жазғы демалыс кезінде мектеп директорына ескерткен. Кәмелет жасқа толмағандардың ісін қарайтын комиссияға жолданды. Міндетін дұрыс атқармағаны үшін ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта қатынасқа түсен баламен іс жүргізіліп жатыр. Ол мектеп оқушысы емес. Жүктіліктің нешінші апталығы екенін айта алмаймыз. Оқиға жазғы демалыс кезінде болған. Оқушы қыз онлайн оқиды", - деді Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Шалабаева.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" дерегімен іс тіркеген. Алайда полицейлер басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлады. Күдікті қамауда емес. Ол да кәмелет жасқа толмаған.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160423-aqtobede-7-ai-ishinde-kamelet-zhasyna-tolmagan-50-qyz-zhukti-bolyp-qalgan/