jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше қаласындағы қоғамдық көліктерде төлем жүйесі істен шыққан

қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның бірнеше қаласында қоғамдық көлікте төлем жасаудың электрондық жүйесі істен шықты. Халық қайтадан қолма-қол ақшаға ауысуға мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мой город" басылымының мәліметіне сүйенсек, 12 қыркүйекте қалалық автобустарда төлем жасаудың электрондық жүйесі істен шыққан. Планшеттер QR қабылдамаған, ал Avtobus бағдарламасы мүлде жұмыс істемеген.

Осылайша, халық қаражатты жүргізушілер мен кондукторлардың картасына аударуға немесе қолма-қол төлеуге мәжбүр болған.

Қала әкімдігі электрондық жүйенің істен шығуы Қазақстан бойынша байқалғанын хабарлады.

Мәселен, бүгін Семейде көптеген қала тұрғыны қоғамдық көлікпен тегін жүрген. Мұны кондукторлар байланыстың жоқтығымен түсіндірген. Arnapress басылымының хабарлауынша, кейбір автобустар төлемді қолма-қол қабылдаған.

Валидатор жұмысында ақау пайда болғаны туралы павлодарлықтар да айтып жатыр. "Павлодар онлайн" басылымының ақпаратына сүйенсек, таңнан бері қала тұрғындары автобуста жол жүру ақысын төлей алмаған. Оған себеп – электрондық билет жүйесіндегі техникалық ақау.

Жол жүру ақысын төлеуге қатысты мәселе тек павлодарлықтарды емес, Екібастұз тұрғындарын да алаңдатты.

Мұндай жағдайға елорда автобустары да тап болған. GTS баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұндай ақау 08:30-09:00 арасында байқалған. Қазір жүйе толық жұмыс істеп тұр.

Қазақстанның бірнеше қаласындағы қоғамдық көліктерде төлем жүйесі істен шыққан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.