jitsu gif
Қаржы

    27 адамды алдаған: Астанада жалған риэлторлар бас бостандығынан айырылды

    судьяның балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанада сот бірқатар алаяқтық ісіне нүкте қойды. Қазақстандықтарды алдаған жалған риэлторлар нақты мерзімге сотталды, деп хабарлайды елорда прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Қадағалау органының мәліметінше, алаяқтар "Отбасы банкінде" ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырғаны анықталды.

    "Мысалы, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған. Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған", - делінген хабарламада.

    Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алуы 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденуге мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді.

    Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты.

    Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді.

    Материалдық залал сотталғандардан өндірілді.

    Қала прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, ұсынылатын қызметтердің дұрыстығына көз жеткізуге, жалған байланыстар мен таныстар сылтауымен тиімді мәмілелер ұсынатын адамдарға сенбеуді ескертеді, себебі бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.