jitsu gif
Оқыс оқиға

    Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден елге қайтарылды

    Ұсталған күдікті. Фото
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

    Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.

    Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.

    Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.

    Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

    Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден елге қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.