Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Цементке ұрды": Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер саны артқан

Жарияланған күні:

Қол көтеру
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстар саны 5 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Қазір Шымкенттегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сегіз әйел бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның реми сайтында хабарланғандай, бетін жасыруды өтінген Саиданың 4 баласы бар. Отыздағы әйел 10 жылға жуық уақыт бойы күйеуінен таяқ жеп келіпті. Көз жасына ерік берген келіншек отағасының тұрақты жұмысы болмағанын айтады. Соған қарамастан ішіп келіп, үздіксіз қол көтерумен болды дейді Саида. Айтуынша, қатал өмірге осы күнге дейін балалары үшін төзіп келген.

"Үйленген соң 3 айдан кейін өнерін көрсете бастады. Мені цементке ұрып бастады. Ол аздай, менің көзімше әкесін бір-ақ ұрған кезде тістері ұшып кетіп, қатты қорыққанмын. "Мені өлтіріп қойса ше" деген ойлар болды, бірақ ешкімге айта алмадым. Үй ішіме, туыстарыма да айта алмадым. Кейін арада бала туылды. Содан кейін қалып қойдым. Өйткені анам кішкентайымда қайтыс болған.

Үйге барайын десек, үш жылда бір-ақ рет барамыз. Кел деп тұрған ешкім жоқ бізге. Күйеуім соған "сені іздеушілерің жоқ, сені қорғаушыларың жоқ" дейді. Соңғысында үстімді көкпеңбек етіп ұрып тастады. Оны тексеріп, 15 күнге қамап еді. Келгенде "болды, қайталамаймын" деген. Бес күн өтпей жатып қайта ұра бастады. Ол кезде 10 күнге қамалды. Соны пайдаланып кетіп қалдым. Алдын азып-тозып кетіп едім. Осы жерге келіп шыны керек жағдайым жақсара бастады. Балаларым да еркін жүре бастады. Емін-еркін жүреміз, еркін тамақ ішіп жүрміз қазір", - дейді Саида.

Қазір Шымкенттегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сегіз әйел бар. Олар күйеуі немесе туыстарынан зорлық-зомбылық көрген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, отбасылық жандалдан туындаған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны үш есеге өскен. Бұл көрсеткіштің артуына жаңа заңдағы өзгеріс те әсер еткен көрінеді.

"Биыл 2023 жылмен салыстырғанда айына 5-10 әйел артық түсіп жатыр. Олардың бәріне келе сала психологиялық, құқықтық көмек көрсетеміз. Бізге түскен әйелдердің көбінің жоғары білімі жоқ. Сондықтан "Бақытты жанұя" орталығымен бірлесе отырып, әр қызмет алушының қабілетіне қарай тігін, шаштараз, массаж сынды курстарды оқытамыз", - дейді Шымкент қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психологі Қатира Иманәлиева. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160937-tsementke-urdy-shymkentte-turmystyq-zorlyq-zombylyq-korgen-aielder-sany-artqan/