jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Есік қаласында екі қызды жолдан өтіп бара жатқан жерінен жедел жәрдем көлігі қағып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға туралы ақпарат бұған дейін Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланған. Мұнда Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі студент қызды қағып кеткені айтылады.

    Қазір оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    "12 қыркүйек күні Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, екі қыз да амбулаторлық емделуге жіберілді", - деді жауаптылар.

    Қазір көлік арнайы тұраққа қойылған.

    Жол апаты болса не істеу керек?

    "Электрондық үкімет" сайтында жол-көлік оқиғасы кезінде келесі әрекеттерді орындау керегі айтылған:

    • зардап шеккендердің жоқтығына көз жеткізу, егер бар болса, жедел жәрдем шақыру;
    • "Апаттық сигналды' қосып, апаттық тоқтау белгісін қою;
    • оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу;
    • әкімшілік полиция қызметкерлерін (102 – егер зардап шеккендер жоқ болса / 112 – егер зардап шеккендер болса) шақыру.

    Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде барлық құжаттарды рәсімдеуі керек:

    1. ЖКО схемасын жасау;

    2. ЖКО орнын қарау хаттамасын толтыру;

    3. Әкімшілік хаттама толтыру;

    4. Түсініктеме алу;

    5. Жүргізушілерді медициналық тексеруге жіберу.

    Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.