Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мемлекеттік балабақша есепшісі үйқамаққа алынды

Жарияланған күні:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде қос бірдей мемлекеттік балабақшаға есепші болған қызметкерге қатысты тергеу басталды. Жеті жыл бойы қазына қаржысына бақылау жасамаған Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы мен экономист тәрттіптік жазаға тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өңірдегі білім саласына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардан бюджет қаржысы ұрланғаны анықталды. Жеті жыл бойы 60 млн теңгеге жуық қазына қаржысына еш жерден сұрау болмаған.

"Екі бірдей балабақшадан қаржылық бұзушылық анықталды. Nº 3 "Балауса" және "Гүлдер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын саналатын бөбекжай-балабақшаларында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 31 мамырын қоса алғанға дейінгі аралықта бас есепшінің еңбекақысының есептелуі және төлеуіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 59592,6 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда "Балауса" балабақшасынан есепші өзіне 30196,5 мың теңге негізсіз жалақы, "Гүлдер" бөбек-балабақшасынан есепші өз шотына 29396,1 мың теңге негізсіз жалақы аударды деген күдікке ілінді", - деді Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы Сәкен Қасымов.

Аталмыш ведомство Ақтөбе облыстық білім басқармасына аталған заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде нұсқама берді.

Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының білім басқармасы қазына қаржысына тиісті деңгейде бақылау жасамаған Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы Бахраман Аманжол және аудандық білім бөлімі орталықтандырылған бухгалтериясының болжамдау және жоспарлау секторынан экономист Айгүл Ақылбекова сөгіс алды.

"Бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен есепші үй қамақта. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген шығын нақтыланып жатыр", - деп хабарлайды Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы Бахраман Аманжол.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162859-aqtobede-memlekettik-balabaqsha-esepshisi-uiqamaqqa-alyndy/