Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда парақорлығы әшкере болған шенеуніктер сотталды

Жарияланған күні:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда ветеринарлық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша инспекция басшысы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, басқа да айыпталушылар қомақты айыппұл арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сот сыбайлас жемқорларды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға және үлкен мөлшерде айыппұлдар салуға үкім шығарды.

Атырау қаласының №2 сотында сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды:

  • Біреуі бірнеше рет елеулі мөлшерде пара алғаны үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша және алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында пара алуды ұйымдастырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі мен 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталды.
  • Облыс бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы лауазымды тұлға бола тұра, бірнеше рет ЖК директорынан 1,4 млн теңге және жалпы қамқорлығы үшін ШҚ басшысынан 500 мың теңге пара алған.
  • Облыс бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы лауазымды тұлға бола тұра, БҚО инспекциясының бас маманымен және ветеринариялық инспекторымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖК директорынан жалпы қамқорлығы үшін 1,8 млн теңге пара алуды ұйымдастырған және алған.

ЖК директоры және ШҚ басшысы Қазақстан шекарасында көліктің заңсыз қозғалысы үшін пара ретінде 3,3 млн теңге мен 500 мың теңге берген.

Сотталушылардың кінәсі сотталушылардың, куәлардың айғақтарымен, ақша қаражатын аудару туралы түбіртектермен, тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен, мамандардың қорытындыларымен өз дәлелін тапты.

Инспекция басшысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бас маман мен ветеринарлық инспекторға пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

ЖК және ШҚ басшыларына – пара сомасының 26 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Барлығы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163813-atyrauda-paraqorlygy-ashkere-bolgan-sheneunikter-sottaldy/