Алматы облысындағы жолдардың сапасына жауапты 236 шенеунік жазаланды
Жарияланған күні:
Алматы облысында жыл басынан бері жол-коммуналдық ұйымдардың 236 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Жол қозғалысы жағдайларын жақсартуды және жолдардың барлық конструктивтік элементтерінің жай-күйін бағалауды талап ететін учаскелерді анықтау мақсатында облыстық әкімшілік полиция басқармасының полицейлері көше-жол желісіне тұрақты негізде тексеру жүргізетіні айтылады.
"Тек жыл басынан бері 1 404 зерттеу жүргізілді, олардың әрқайсысының қорытындысы бойынша тиісті ұйғарымдар шығарылды. Жол-коммуналдық ұйымдардың 236 лауазымды тұлғасы автожолдарды, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын және инженерлік құрылыстарды тиісінше ұстамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Ахметов.
Бұрын жіберілген нұсқамалардың талаптарын орындамағаны үшін 21 жауапты тұлғаға қатысты іс-құжаттар тиісті шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.
"Бүгінгі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әкімшілік полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері біз 1400-ден астам зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 4000-нан астам жол белгілері, 16 бағдаршам нысаны, 12 жарпылдауық, 173 жасанды жол кедергісі, 1460 жол қоршауларының погонды метрі, 908 шаршы метр шулы жолақтары, сондай-ақ 22 бағдаршам нысаны жасанды жарықтандырумен жабдықталған", - деп толықтырды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163871-almaty-oblysyndagy-zholdardyng-sapasyna-zhauapty-236-sheneunik-zhazalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.