Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жалдамалы пәтер алғысы келетіндерге заңсыз ақылы қызмет ұсынатындар көбейген

Жарияланған күні:

Құжаттар
Құжаттарды толтырып отырған адамдар. Көрнекі сурет: pexels.com

Астаналықтарға "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға көмектесу қызметін ақылы түрде ұсынатындар көбейген. Бұл туралы Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандары ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Астана қаласында "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға көмектесетін ақылы қызметтер көбейген.
  • Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғындарды алаяқтардан сақтандырып, жеке деректерін және ЭЦҚ-ны бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
  • Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру нұсқаулығы birge.astana.kz порталында жарияланады, ал сұрақтар туындаған жағдайда арнайы байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

Қазақстанда 23 қыркүйектен бастап "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталады. Оған екі санат бойынша Астана тұрғындары қатыса алады: "көпбалалы отбасылар" және "халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары".

Сонымен қатар алаяқтар қазіргі уақытта белсенділік танытып, мемлекеттік бағдарламаның атын жамылып, азаматтарды алдап, ақша таппақ болғандар көп. Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қала тұрғындарына ақылы түрде бағдарламаға қатысуға өтініш беру бойынша қызметін ұсынатындар пайда болған.

"Осыған байланысты, алаяқтықты болдырмау үшін сізден өте сақ және абай болуыңызды сұраймыз. Бөгде адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз, бөгде адамдарға ақша аударымдарын жасамаңыз, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл сіздің қолжазба қолтаңбаңыздың сандық аналогы. ЭЦҚ-ға белгілі бір цифрлық құжаттарға қол қою арқылы сіз өз іс-әрекеттеріңіздің заңдылығын растайсыз. Егер сіз ЭЦҚ-ны жоғалтсаңыз немесе оны қандай да бір көмек сылтауымен бөгде адамдарға берсеңіз, онда олар сіздің барлық жеке деректеріңізге қол жеткізе алады", - деп ескертті басқарма өкілдері.

Ведомсвто мәліметінше "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы аясында birge.astana.kz порталы арқылы өтініш беру жөніндегі нұсқаулық birge.astana.kz порталының басты бетіндегі "нұсқаулықтар мен құжаттар бөлімінде" жарияланады.

"Өтінім беру кезінде сұрақтар туындаған жағдайда сіз порталдың техникалық қолдауына 25-13-25, Тұрғын үй қорына +7 776 198 2970 нөмірі (тек WhatsApp) немесе 28-09-59 нөмірі бойынша жүгіне аласыз, немесе Республика даңғылы, 32 бойынша мекенжайындағы тұрғын үй орталығына баруға болады", - деді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163894-astanada-zhaldamaly-pater-algysy-keletinderge-zangsyz-aqyly-qyzmet-usynatyndar-kobeigen/