"Жауаптысыңдар": қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік үшін қарамағындағыларға сөгіс жариялады
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери шенділерге әскердегі былықтарға жол бергені үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Қорғаныс министрлігі басшысының төрағалығымен аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Ол әскердегі әлімжеттік фактілері үшін қарамағындағыларды сынға алды.
"Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек", - деп ескертті қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Отырыста Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовты атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты.
Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163922-zhauaptysyngdar-qorganys-ministri-askerdergi-alimzhettik-ushin-qaramagyndagylarga-sogis-zhariialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.